Untitled Document

Ғибрат... Күте алмау

Қырық жыл бұрын Стэнфорд университетінің (АҚШ) ғалымдары тәттілермен қызықты бір экспериментті бастаған болатын. Эксперимент жақында ғана аяқталған екен. Оның мәні мынада: кішкентай баланы бөлек бір бөлмеде креслоға отырғызып, зефир жеуді ұсынған. Алайда оған таңдау жасау ұсынылады. Бала зефирді дәл сол сәтте жеуіне болады немесе он бес минут күтіп екі зефир жей алады. Яғни, дәл қазір – біреу немесе кейін – екеу.  

Кейбір жағдайларда балалар шартты соңына дейін тыңдамай зефирді жеп қоятын болған. Бірақ белгіленген мерзімде шыдамдылық танытып, лайықты марапатын алғандар да болған.

Стэнфордтық зефир экспериментінің нәтижесі жетпісінші жылдары жарияланды, бірақ ғалымдар осы экспериментке қатысқан балалардың тағдырын әрі қарай бақылауды жалғастырған. Және бекер емес, өйткені бір қызық жайтты анықтаған. Біраз күтіп, екі зефир алған балалар біріншілеріне қарағанда өмірдің барлық саласында табысқа жеткен.

Демек, күте білу, сабырлылық – өмірде табысқа жетелейтін жақсы қасиет. Біз бұл жайлы бұған дейін бір емес, бірнеше рет естігенбіз. Бірақ дегенмен, күш-жігерге байланысты көптеген зерттеулер мен өз-өзіңді басқару сұрақтарына келгенде адамдар шешім жасарда қызбалыққа салынып кетеді.

Бұл қателікті қалай болдырмауға болады? Асықпаңыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Күте біліңіз, сонда міндетті түрде лайықты түрде марапатталасыз.