Untitled Document

Ғибрат... Екі түрлі өлім (2)

Содан соң бір ауылға барады, бір есікті қағады. Есікті ашқан жас бала «Қош келдіңіз» деп қарсы алады. Әзірейіл алейһиссалам «Әкеңізбен көрісуге келдім, кездесуім керек еді» дейді. Жас бала іште Құран оқып жатқан әкесінің жанына барып: «Әкешім» деп шақырған сәтінде әкесі тоқтап, баласына қарайды. Баласы «Есік алдында бір қарт кісі күтіп тұр, сізбен көрісуге келіпті» дейді. Сонда әлгі кісі «Балам, мен онсыз да оны күтіп отырған едім, дереу кіргіз!» дейді. Қарт кісі ішке кіргенде әкесі оны танып, «Қош келдің! Дайын болып күтіп отырған едім, неге кешіктің?» деп сұрайды, сонда Әзірейіл алейһиссалам былай жауап береді:

- Әмірге бағынып қазір келдім. Раббым сені қатты жақсы көреді, рухыңды қалай қаласаң, солай алуымды бұйырды.

- Қазір намазға тұрайын, рухымды соңғы рәкатта соңғы сәждеде ал! Раббымның алдына сәжде жасап жатқан күйімде баруды қалаймын, – дейді. Сөйтіп әлгі кісі намазға тұрады және соңғы сәждеде сол күйінде қалады, қайтыс болып, тікелей жәннатқа аттанады. Бірі шұғыл түрде өлді, ал бірі рұқсатпен қайтыс болды. Бірі дүние адамы болса, екіншісі Аллаһтың досы.

Кешегі жауаптар:

1) Бір жарым сағат деген болсаңыз қателестіңіз. Дұрыс жауабы 1 сағат. Бірінші таблетканы жұттыңыз. Жарты сағаттан соң екінші таблетканы жұттыңыз, бір сағаттан кейін үшінші таблетканы жұтқан боласыз.

2) Барлық айларда 28 күн бар.

3) 25 деген болсаңыз қателестіңіз. Жарты дегеніміз (0,5). 30-ды 0,5-ке бөліп, оған 10-ды қосқанда 70 шығады.