Untitled Document

Ғибрат... Екі түрлі өлім (1)

Екі түрлі өлім бар: Шұғыл өлім және рұқсатты өлім.

Өте тәкәппар бір патша мемлекетін аралауға бел буады. Қызметшілеріне «Киімдерімді әкеліңдер!» деп бұйырады. Әкелінген киімдердің бірін әрең таңдайды. «Маған ат дайындаңдар!» дейді. Әкелінген аттардың бірін әрең таңдайды. Содан кейін жанына нөкерлерін ертіп, халықтың арасына кіріп, аралауды бастайды. Атының үстінде тәкәппарлығынан халықпен сөйлесу, дерттерін тыңдау былай тұрсын, тіпті беттеріне де қарамайды. Осы кезде нұрлы жүзді бір қарт кісі аттың алдына келіп, аттың тізгінінен ұстайды. Патша өте дөрекі түрде «Тізгінді ұстауға қалайша батылың жетті? Жібер тізгінді!» деп айқайға салады. Қарт кісі жергілікті еместігін және ерекше сыры бар екенін айтады. Патша «Ал, айт онда сырыңды!» дейді. Қарт «Бұл сырды тек сіз ғана естуіңіз керек, еңкейсеңіз құлағыңызға айтамын» деген кезінде патша иіліп құлағын тосады. Сонда әлгі қарт оған: «Мен Әзірейілмін, жаныңды алуға келдім» дейді. Патшаның бірден реңі бозарып, кекештеніп, «Қап, маған рұқсат бер, үйіме қайтып, бала-шағаммен соңғы бір рет көрісейін» деп жалбарынып сұраса да, Әзірейіл алейһиссалам оған «Жоқ! Саған бір сәтке де рұқсат берілмейді!» дейді де, рухын алады.  

(жалғасы ертең)

Зеректік жұмбағы...

Оңай сұрақтар

Сұрақтарға тез жауап беріңіз және жауабыңызды есте сақтаңыз. Барлығына жауап берген соң келесі беттегі жауаптармен салыстырыңыз.

1) Дәрігер сізге 3 таблетка берді және бұларды жарты сағат сайын ішуіңіз қажеттігін айтты, осы үш таблетканы бітіру үшін қанша уақыт кетеді?

2) Кейбір айлар 31 күн, кейбірі 30 күн болады. Ал қай айда 28 күн бар?

3) 30-ды жартыға бөліп 10-ды қоссаңыз қанша шығады?

(Жауабы ертең...)