Untitled Document

Сұхбат... Кімнің көңілі Аллаһта болса...

Көңілін Аллаһу та'алаға байлаған адамға міндетті түрде көмек келеді. Көңілін адамдарға байлаған адамның басынан дерт-пәле кетпейді.

Әдетте жұрттар бір адамға өзіне бір пайдасы тиетін болса ғана, бір жұмысымды бітіріп бере алады деп сенім артса ғана жақсылық жасайды. Сол жұмысы біткеннен кейін немесе пайдасы тимейтініне көзі жетсе, ол кісіге зиян тигізуі де мүмкін. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейді: «Бір адам жаман адамдардың ашуланатын нәрсесінде Аллаһу та'аланың разылығын іздесе, Аллаһу та'ала оны адамдардан келетін зияннан сақтайды. Бір адам Аллаһу та'аланың ашуланатын нәрсесінде адамдардың разылығын іздесе, Аллаһу та'ала оның ісін адамдарға тастап қояды.»

Бұл бір таңдау мәселесі. Бұл таңдау шын көңілден, ықыласпен болуы тиіс. Пайғамбарымыз алейһиссалам тағы бір хадисінде: «Аллаһу та'ала сендердің бет-бейнелеріңе, кескіндеріңе және мал-мүліктеріңе емес, көңілдерің мен амалдарыңа (ол істі қандай ниетпен жасағандарыңа) қарайды.» деп бұйырған.

Қазір адамдардың тартып жатқан қиыншылықтары «жұрттар не дейді?» деген уайыммен істеген істерінен туындауда. Бір кісі Абдулқадир Гейлани хазреттеріне: «Сіз не деген мүбәрәк адамсыз»,- дейді. Абдулқадир Гейлани хазреттері одан: «Қайдан білдің?» - деп сұрағанында: «Барлық адам сізді жақсы көріп, мақтауда» дегенінде хазрет: «Бұл адамдарға сенім жоқ. Бүгін мақтаса, ертең мазақтайды. Біз адамдар жақсы көрсін деп емес, Аллаһ жақсы көрсін деп құлшылығымызды орындап жүрміз»,- деген екен.

Мұсылмандықтың ішіндегі нәрселердің барлығы пайдалы нәрселер. Бұл дүниеде де, ахиретте де бақытқа қауышқысы келген адам мұсылмандық шеңберінің сыртына шықпауы тиіс. Бұл дүниеде адам Аллаһу та'алаға құрмет танытып, Оның разылығын табуға тырысса, Аллаһ та ол құлына үстемдік береді. Яғни, кімнің көңілі Аллаһта болса, Аллаһтың мейірімі де сол адамда болады.