Сұхбат ... Мұсылман адам еңбекқор болады
Мұсылман адам өзі мен бала-шағасын асырау үшін жұмыс істеу керек. Адал табыс табу, ешкімге мұқтаж болмау жиһад болып табылады. Бірқатар ғибадаттардан да сауабы артық. Лұқман Хаким баласына насихат айтқанда былай дейді:
“Еңбектен, табыс тап! Жұмыс істемей, біреуге мұқтаж болған адамның діні мен ақылы кем болады. Ондайлар жақсылық жасаудан құр қалады”.
Мұсылман дүниені жақсы көргендіктен емес, Аллаһу та’ала еңбектенуді бұйырғандықтан жұмыс істеп, табыс табады. Нәпсіқұмарлық үшін ақша табу және адал нәрсені харамнан айырмау, біреудің ақысын жеу, оларға қарызын өтемеу дүниеқұмарлық деген сөз.
Аллаһу та’ала бұйырғандықтан еңбектеніп, ақша табу және тапқанын Оның бұйырған жерлеріне жұмсау ғибадат болып есептеледі. Мұсылман дінін зияннан қорғау үшін маңдай терімен табыс табуы керек.
Адам тапқанына қанағат етуі тиіс. Аллаһу та’аланың берген ниғметіне риза болуы қажет.
Халалдан нан тапқысы келгендер мына бес нәрсеге мән берсін:
- Рызық соңында жүргенде Аллаһу та’аланың парыз еткен
ғибадаттарын қалдырмау керек.
- Табыс табу үшін ешкімді ренжітпеу керек.
- Жұмыс істеу арқылы өзінің және жанұясының намысын қорғауға
ниет ету керек.
- Жұмыс істегенде өзін шамадан тыс қинамау керек.
- Жұмыс істеуді рызық үшін бір себеп деп білу керек. Бірақ
рызықтың келуін жұмысынан емес, Аллаһу та’аладан деп білу керек.