Untitled Document

Сұхбат... Дәрет, ғұсыл және тәйәммумнiң пайдалары

Ғибадат мақсатымен орындалған әрбiр тазалық денсаулығымыз үшiн орасан зор пайда келтіреді. Оның тәндiк пайдамен бiрге рухани пайдасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетейік:

1) Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптарды ұстаймыз. Дәрет алғанда қол, бет және аяқтарды жуу терi ауруларының алдын алып осы микроптарға қарсы қорғаныс болады.

2) Дәретте мұрынды жуу тыныс алу мүшесінде жиналған шаң және микроп жиынтықтарын кетіріп, ағзаға енуінің алдын алады.

3) Беттi салқын сумен жуу терiнi қуаттандырып, бас ауруын жазып әрі шаршағанды басады. Тамырлар мен нервтердi әрекетке келтіріп, жұмысын реттейді. Әр дайым дәретті жүрген кісілердің қартайса да жүзіндегі жылылықтың жоғалмауы осы себептен.

4) Жүнiпке себеп болатын жағдайларда көп энергия жұмсалып, жүректің соғуы мен қан айналу және тыныс алу жылдамдығы артады. Ағзаның зорығуы нәтижесінде шаршау, әлсіреу сезіліп, ми функциялары баяулайды. Ғұсыл алу ағзаны бастапқы қалпына келтіреді.

5) Адам ағзасы био-электрлiк өріспен қапталған. Дененiң саулығы осы электрлік теңдікпен тікелей байланысты. Психологиялық депрессия, ауа-райы шарттары, киім-кешек, тұрмыс, жұмыс шарттарының әсері және ғұсыл қажет ететін жағдайларда осы теңдік бұзылады. Бұл жағдайдан құтылу үшін денеде ине ұшындай құрғақ жер қалдырмай жуыну керек. Осылайша су тамшылары организмде қалыптасқан зиянды электр қабатын алып топыраққа өткізу арқылы денені бастапқы қалпына келтіреді.

6) Дәрет және ғұсылдың қан айналу жүйесіне де айтарлықтай тигізетін әсері бар. Мысалы, тамырлардағы қатаю және тарылудың алдын алады. Нәтижесінде дәрет және ғұсыл ленф айналымын жеңілдетіп, ленфосит деген күресуші клеткалар ағзаны зиянды нәрселерден қорғайды және де иммунитетті күшейтеді. 

Су табылмаған жағдайда топырақпен алынған тәйәммум де денедегi статикалық электрді кетiредi.