Untitled Document

Ғибрат... Ананың өнегелі тәрбиесі

Нобель сыйлығын алған математика профессорынан оқушысы сұрауда:

- Ағай, дүние жүзінде мыңдаған математика профессорлары бар. Солардың ішінен қандай қасиетіңізбен ерекшеленіп, сыйлыққа иемдендіңіз? – дегенінде, профессор бұл сұраққа жымиып барып былай дейді:

- Шындығында, бұл сыйлық үшін анама борыштармын. Бала кезімде мектептен қайтқан балаларына ата-аналары: «Балам, бүгін сабақтан неше алдың? Апайың не деді?» деп сұраушы еді. Ал менің анам болса: «Балам, бүгін апайыңа қандай жақсы сұрақ қойдың?» деп сұрайтын еді. Міне, өзгелерден мені ерекшелендірген қасиет те осы. Үнемі жақсы сұрақтар қоюға тырасатынмын, осылайша білмеген сұрақтарымның жауабын үйренетінмін және әлі де үйренетіндерім көп деп ойлайтынбын!» деп жауап береді.  

Денсаулық... Кинза

Балғын кинза көкөніс салаттарына тамаша қоспа болып табылады. Оны кептіріп, дәмдеуіш, қоспа түрінде де пайдаланады. Кинза B1, B2, C, P, Е дәрумендеріне, натрий, йод, кальций, калий, фосфор минералдарына бай.  Көне заманнан бері медицина саласында пайдаланылып келеді. Ежелгі римдіктер тәбетті ашуда, асқазанның жұмыс істеу қабілетін жақсартуда пайдаланады. Кинза жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартуда, ұйқысыздық, депрессия, тамақ, бас ауруларына өте пайдалы. Емшілер кинзаның тері қабаты мен көздің көру қабілетіне де жағымды әсер беретінін байқаған.