Сұхбат... Мүмин мүминді көргенде
Қағбаны алғаш рет көрген кезде мүмин не деп дұға етсе де, Аллаһу та'ала қабыл етеді. Мүминнің жүрегі Қағбадан да қадірлі. Қағбаны алғаш көргенде жасалған дұғаны Аллаһу та'ала қалай қайтарып жібермей қабыл ететін болса, бір мүминмен кездескен кезде де жасалған дұғаны Аллаһ қабыл етеді.
Мүминнің басқа мүминмен кездескен кезде жасайтын дұғасы бәрінен бұрын «Әссаламу алейкум» болу керек. Әссаламу алейкум дегеніміз – Аллаһу та'ала саған әрі дүниеде, әрі ахиретте саламаттық берсін, сені жәннатына кіргізсін деген сөз. Ол «Уа алейкум салам» немесе «Уа алейкум-ус-салам» десе, «Аллаһу та'ала саған да дүниеде және ахиретте саламаттық берсін» деп дұғасын жауаптаған болады. Жалғастырып «уа рахматуллаһи» десе, «Раббым саған мейірімді болсын» деген болады. «Уа баракатуһу» деп те қосса, «Аллаһу та'ала табысыңа, өміріңе және денсаулығыңа берекет берсін» деп дұға еткен болады. Сондықтан да мүминнің өзге мүминді көрген кезде жасауы керек болған ең жақсы дұғасы – сәлемдесу.
Сәлем беру сүннет, ал сәлемді алу парыз. Сәлем берерде сәлемнің сүннет екендігін ойлау керек және ол адамға дұға етуге ниет ету керек! Бір жерге кіргенде де, шыққанда да сәлем беріледі. Дінімізде сәлемнің маңызы өте биік. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Мұсылманның мұсылманға болған алты ақысының бірі сәлем беру.» (Мүслим)
«Бір жерге кірерде ол жердегілерге сәлем беру қарыз болатыны секілді, шығарда да сәлем беру қарыз.» (Бәйһақи)
«Адамдардың ең әлсізі дұға етпейтін адам, ең сараңы сәлем бермейтін адам.» (Табарани)
«Адамдарға күлімдеген жүзбен сәлем беру садақа.» (Бәйһақи)