Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Қарттарға құрмет

Дініміз қарттарды құрметтеуге аса мән берген. Пайғамбарымыз: «Жас адам бір қарттың жасын құрметтесе, оның жасына барғанда Аллаһу та’ала оған жастарды құрмет еттіреді» деген. Бүгіннің жастары ертеңнің қарттары деген сөз. Кәрі болмаса да жасы үлкендерді құрметтеу дініміздің маңызды әмірлерінің бірі. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Үлкендерді құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес.»

«Мұсылман – әлсіздерге, ауруларға, кәрілерге және кішілерге мейірім етеді.»

Қонаққа барғанда тағам таратуды жасы үлкендерден бастау керек, ал бір нәрсе берерде жасы кішілерден бастау керек. Қарттарға құрмет көрсеткенде бай кедей деп бөлмеу керек. Байға байлығы үшін құрмет етілмейді. Хадис шәрифте: «Байға байлығы үшін қарапайымдылық танытқан адамның дінінің үштен екісі кетеді» делінген. Ислам ғалымдары мал-мүлкіне бола байды көтеріп, кедейлігіне бола кедейді төмендеткен адамның лағынетке лайықты болатындығын айтқан.   

Мәулана хазреттері бір күні уағызында бір жас жігіттің қарт кісіден жоғарыға шығып отырғанын көреді. Ол жігітке ешнәрсе деместен «Хазреті Әлидің таң намазына бара жатып алдында кетіп бара жатқан христиан шалдың жасына құрмет көрсетіп, оның алдына озып өтпегенін және осы себепті намазға кеш қалғанында, бірінші рәкаттың рукуында Жәбрейіл алейһиссалам расулуллаһтың арқасына мейіріммен қолын қойып оны күттіргенін және хазреті Әлидің осылайша үлгере алғандығын» айтып: «Өзге діндегі кәрілеріне осындай құрмет етілгеніне қарағанда, мұсылман қарттарына бұдан да көп құрмет көрсету керек. Әсіресе өмірін исламға қызметпен өткізген қарттарға сый-құрмет көрсеткен жастардың Аллаһу та’аланың дәргейінде қаншалықты үстем мәртебеге қауышатынын ойлау керек!»- деді.

Бұл насихатты тыңдаған әлгі жігіт ұмытпастай сабақ алып, бұдан былай үлкендерден жоғары шығып отырмайтын болды.