Untitled Document

Дұғалар... Дастархан дұғасы

Тамақтың алдында «Бисмилләһиррахманиррахим» деу және аяғында «әлхамдулиллаһ» деп шүкір ету сүннет амал болып есептеледі.

Хадис шәрифте келгені бойынша: «Тамақтан кейін  “әлхамдулиллаһилләзи ат’амәна хазат-та’амә уә разақнә мин ғайри хаулин минна уә лә қууатә” дұғасын оқыған мұсылманның күнәсы кешіріледі.»

Тамақтан кейін «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғәйри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амунә» дұғасын оқу да өте сауапты.

Осы дұғалардың бәрін қамтитын мына дұғаны да оқу жақсы болады: «Әлхамдулилләһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғәйри хаулин миннә уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амуна. Аллаһуммәрзуқна қалбән тәқийан, минәшширки бәрийан лә кәфиран уә шәқийан уәлхамдулилләһи раббилаләмин»

 

Жанұя...

Бала тәрбиесі...

 Баланың кейбір қателіктерді жасауы қалыпты нәрсе. Дереу оны жазаландыруға асықпай, кешірімді болу керек.

 “Сен адам болмайсың”, “жалқаусың” деген секілді жазғырулар баланың өзіне деген сенімділігін азайтады және өзекті мәселелердің алдында шешім қабылдай алмауына себепші болады.

 Балалар үлкендерге өте қатты еліктейді. Сол үшін үнемі оларға жақсы үлгі болу керек.

 “Бар, ана жаққа!”, “Бар, далаға ойна!”, “Мазамды алма!”, “Әкесі әкетші мына балаңды!” деген секілді тек сол мезеттегі жеке бастың тыныштығы ойланылса, бұл құтылыс жолы емес. Өйткені сол нәрсе ертең де, оның арғы күні де қайталанады. Балаға өткіншіл емес, тұрақты сақталып қалатын жақсы тәрбие беру керек.