Сұхбат... Бұл дәрежеге қалай қауышты?
Хазреті Әбу Бәкірден: «Аллаһ үшін айтыңызшы бұл мәртебеге қалай жеттіңіз?»-деп сұрағанда, былай деп жауап береді: «Дінімді дүниеден үстем деп білдім. Ахирет үшін Аллаһ разылығын таңдадым. Әрқашан Аллаһу та’аланың ақысын үстем тұттым, барлық ісімде тек Аллаһу та’аланың разылығын көздедім және мұның тысына мүлдем шықпадым.»
Хазреті Лұқман Хаким былай дейді: «Аманатқа мән бердім (қиянат етпедім), дұрыс сөйледім және малаяниді (пайдасыз, бос сөзді) тәрк етіп, маған қажет болмағандарды тастаумен осы дәрежеге қауыштым»
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қияметте сұрақсыз, есепсіз жәннатқа ұшып барғандардан періштелер “бұл дәрежеге қалай қауыштыңдар” деп сұрайды. Олар “Екі қасиетіміз бар еді. Жалғыз кезімізде де күнә істеуден ұялатын едік және Аллаһу та’аланың берген аз ризығына разы болатын едік” дейді.» (Ибн Хиббан)
Хазреті Баязид Бистами де «Барлық жерде Аллаһу та’аланың көріп тұрғанын және біліп тұрғанын ойлап, әдептілікке мән беру арқылы осы дәрежеге қауыштым» деген.
Хазреті Мұса салих бір кісіге таңданып оның кім екендігін сұрағанында Хақ та’ала былай деп бұйырады: «Бұл кісі мына үш амалымен осындай дәрежеге жетті: Мүлдем хасед (көре алмаушылық, күншілдік) етпеді. Әке-шешесіне қарсы шықпады және сөз тасымады.»
Cуфйан Сәури хазреттері харамдардан және күмәнды нәрселерден тыйылуға өте қатты мән беретіндерден болған. Әдептілік және қарапайымдылықта теңдесі жоқ дерлік дара тұлға еді. Қайтыс болғанынан кейін достарының бірі оны түсінде көріп жәннатта нұрлы қанаттарымен ұшып жүргенін көреді. «Бұл дәрежеге қалай қауыштың?» деп сұрағанында «Дінге мойынсұнуда өте мұқият болғаным үшін» деп жауап береді.