Сұхбат Халал ақша табудың маңыздылығы
Құран кәрімнің Мүминун сүресі, 52 аятында былай деп бұйырылды:
“Ей пайғамбарларым! “салауатуллаһи алейһим әжмаин” Халал және таза тамақпен азықтаныңдар және маған лайық ғибадат етіңдер!”
Хадис шәрифтерде былай делінді:
“Халал табыс табу әрбір мұсылманға парыз.”
“Бір кісі харам араластырмай 40 күн халал тамақтанса, Аллаһу та’ала оның жүрегін (көңілін) нұрмен толтырады, жүрегіне өзендердей хикметтер ағады. Дүние махаббатын көңілінен кетіреді.”
“Көп кісілер бар жегендері мен ішкендері харам болған. Сөйте тұра қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болмақ?”
“Харам жегендердің парызы да, сүннеттері де қабыл болмайды.” (Яғни сауабына қауыша алмайды.) Он теңгелік киімнің бір теңгесі харам болса, ол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.
“Хараммен тамақтанған дене отқа жануға лайықты болады.”
“Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы - халалдан табыс табуда”
“Халалдан табу үшін шаршап үйіне келген кісі күнәсыз жатады, Аллаһу та’аланың сүйген құлы болып тұрады.”
“Аллаһу та’ала: “харамнан қашқандардан есеп сұрауға ұяламын” деген.”
Дүниелік табыс табу үшін жұмыс істеу күнә емес. Дүние махаббаты, дүниеге көңілін байлау күнә болады.
Са’д бин Әби Уаққас хазірет: “Йа Расулаллаһ, дұға етіңіз, Аллаһу та’ала менің әрбір дұғамды қабыл етсін!” дегенінде пайғамбарымыз: “Дұғаның қабыл болуы үшін халалдан тамақтаныңдар” деді.
Хазреті Әбу Бәкір қызметшісі алып келген сүтті ішеді, сонан соң халалдан болмағанын біліп, саусағын аузына салып құсады. Қиналып шығарғаны сонша, көргендер өлейін деп жатыр деп ойлайды. Кейін; “Йа Раббым қолымнан келгенін істедім, асқазаным және тамырларымда қалғандардан саған сиынамын!” деп жалбарынады.