Untitled Document

Ғибрат... Азанға құрмет

Хазреті Мәулана азанға қатты құрмет көрсететін. Азанды ести қалса бірден тізерлеп жан-тәнімен тыңдайтын. Шәкірттеріне: «Сендер де осылай істеңдер!» - деп насихаттайтын.

Хазреті Мәулана бір күні шәкірттеріне мына оқиғаны айтып береді:

«Бәлһ қаласында азанды естісе дереу бүкіл жұмысын тоқтатып, тізерлеп отыра қалып, құрметпен тыңдайтын бір кісіні танимын. Бір күні бұл кісі қайтыс болды. Табытын көтеріп бара жатқанда мұнарадан азанның даусы естілді. Сол сәтте, азанның алғашқы сөздерінен бастап табыт бірден ауыр болып кетті де, адамдар тоқтай қалды. Тіпті бір сантиметрге де ілгерілей алмады. Адамдар таңғалғанынан бір-бірінен: «Неге бұлай боп жатыр?» - деп сұрасты. 

Азан біткенге дейін табытты ешкім орнынан жылжыта алмады. Азан бітісімен қайтадан жүре бастады. Сөйтіп мәйітті қабіріне түсірді...

Мүнкәр-Нәкир келіп: «Раббың кім, дінің қандай?...» деп, қабір сұрақтарын қоя бастады. Сол сәтте Аллаһу та’аладан бір дауыс келді: «Ей періштелерім! Бұл құлым менің есімімді қадірлеп құрметтеді. Сендер де оны қадірлеп, құрметтеңдер!» - деді. Періштелер бұл сөздерді естігеннен кейін кері қайтып кетті.»

Cіз білесіз бе?

Жұмыртқа

Егер жұмыртқа су түбіне батып тұрса, балғын және тұтынуға болады деген сөз. Егер батып орта деңгейде, төбесі сәл ғана шығып тұрса мұны да тұтынуға болады. Егер су бетіне қалғып шықса, бұзылғандығын білдіреді, мұны тұтынбаған жөн.