Untitled Document

Сұхбат... Ақты қарадан ажырату оңай емес

Ілім – хақты жаладан, дұрысты бұрыстан ажырата алу деген сөз. Әйтпесе көп кітапты жатқа білу деген сөз емес. Әлемдегі барлық кітаптарды жаттап алсақ, егер ғибадатымыз Аллаһу та'аланың разылығына сай болмаса, бұл ештеңеге жарамайды. Сүйікті пайғамбарымыз «Йа, Раббым, маған хақты хақ қылып білдір, қатені қате етіп білдір. Қатеге хақ деп жабыспайын, хаққа қате деп қас болмайын» деп дұға етіп, бізге осылай дұға етуімізді бұйырған.

Хақты қатеден ажырату, яғни «мынау Аллаһтың разылығына сай, мынау қайшы» деп ажырату өте қиын іс. Мүршиді (ұстазы) болмаған адамның хақты қатеден ажыратуы мүмкін емес. Қазіргі заманда өте жаман және көп ағымдар, топтар тараған, қайбірінің дұрыс екенін ақылымызбен, білімімізбен түсіне алмаймыз.

Аллаһу та'аланың ахиретте құлдарынан ең алғаш сұрайтыны – дұрыс иман. Дұрыс иман – діннің негізі. Барлық ғибадаттар осы іргетастың үстіне ғимараттай соғылады. Ал дұрыс иманның дұшпандары көп. Шайтан, нәпсіміз және жаман достар, жаман ақпарат құралдары, яғни іштен, сырттан, алдынан шыққанның бәрі иманға шабуылдайды. Имам Раббани хазреттері 400 жыл бұрын «Иманыма шабуылдағандардан қорқып ағаштың жапырағындай дірілдеймін» деген. Яғни сол заманның өзінде иманның ұрылары, иман дұшпандары көбейгені соншалық, осындай ұлы ғалым иманынан айрылып қалудан қатты қорыққан.

Дұрыс иманға қауышуымыз үшін малдарын, жандарын пида еткен сахабалардан бастап, бұрын өткен мұсылман салих сұлтандарға, патшаларға, батырларға, ғалымдарға, әулиелерге, бәріне қанша алғысымызды білдірсек те аз. Өйткені олар осы иманды байрақтай қолдан қолға жандарымен, малдарымен, ақшаларымен, барымен бізге дейін жеткізді. Біз де мұны басқаларға үйретпесек, бізден кейінгі ұрпақтар «Осыншама адамдардың обалына қалдыңдар! Неге бізге бұны үйретіп кетпедіңдер?» деп біздің үстімізден шағымданады.