Untitled Document

Сұхбат ... Маңызды сұрақтармен жауаптары

  • Өте бай болу үшін не істеу керек?
  • Қанағатшыл болған адам адамдардың ең байы болады.
  • Ең қайырлы (жақсы) адам болу үшін не істеу керек?
  • Адамдардың ең қайырлысы адамдарға пайдасы көп тиетіндер.
  • Өте әділетті болу үшін не істеу керек?
  • Өзі үшін қалағанын, басқаларға да қалаған кісі адамдардың ең әділеттісі болады.
  • Аллаһтың ең хас (жақсы) құлы болу үшін не істеу керек?
  • Аллаһты көп зікір етіп еске алған адам Оның ең жақсы құлы болады.
  • Кәміл иманға қауышу үшін не істеу керек?
  • Жақсы мінезді болу керек.
  • Ахиретте нұр ішінде тірілгісі келген адам не істеуі керек?
  • Ешкімге зұлымдық жасамаған адам ахиретте нұр ішінде тіріледі.
  • Күнәлары азаюы үшін не істеу керек?
  • Истиғфар (астағфируллаһ сөзін) айтып күнәларының кешірілуі үшін Аллаһқа жалбарынған адамның күнәлары азаяды.
  • Ризықтың мол болуы үшін не істеу керек?
  • Тазалыққа мән беретін адамның ризығы көп болады.
  • Аллаһу та’ала мен пайғамбарымызға жақсы көріну үшін не істеу керек?
  • Олардың достарын жақсы көру, дұшпандарын жаман көру керек.
  • Аллаһтың ғазабынан (ашуынан) құтылу үшін не істеу керек?
  • Ешкімге ашуланбайтын адам Аллаһтың ғазабынан құтылады.
  • Дұғалардың қабыл болуы үшін не істеу керек?
  • Харам жеуден аулақ болған адамның дұғалары қабыл болады.
  • Адамдардың жанында масқара болмау үшін не істеу керек?
  • Намысын қорғаған, пәк болған адам адамдардың жанында масқара болмайды.
  • Айыптардың (кемшіліктердің) жасырын қалуы үшін не істеу керек?
  • Дін бауырының айыптарын жапқан адамның айыптарын Аллаһу та’ала жабады.
  • Күнәларды не кештіреді?
  • Көз жастары және аурулар.
  • Ең қадірлі жақсы амал?
  • Жақсы мінез, қарапайымдылық, бәлеге сабыр және қазаларға разылық...
  • Ең үлкен күнә қандай?
  • Жаман мінез.

(Берілген жауаптардың барлығы Хадис шәрифтерден алынған)