Untitled Document

Ғибрат... Шешім қабылдауда тұрақсыздық

Профессор аудиторияға қолында бір ыдысқа салынған тышқан әкеледі де бетін жауып столының үстіне қояды. Студенттерге қарап «Мына ыдысқа ешкім тимесін» деп аудиториядан шығып кетеді. Студенттер мұның мәнін түсіне алмағандықтан ешқайсысы әлгі ыдысқа жақындамайды. Екі күннен кейін келген профессор ыдысты ашады. Ыдыс ішіндегі тышқан өлген болатын. Студенттерге қарап тышқанның неліктен өлгенін сұрайды. Әрбір студент өз пікірлерін айтып шығады. Ауа жетпегендіктен, сусыздықтан, аштықтан т.б. Профессор ыдысты көтеріп студенттерге қаратып көрсетеді. Ыдыстың іші жан-жағынан кемірілген болатын. «Қараңдар, тышқан шығу үшін ыдыстың барлық жағын кеміріп, шығу үшін көп тырмысқанын байқауға болады. Тышқанды өлтірген аштық, сусыздық, ауасыздық емес. Тышқанды негізі “шешім қабылдауда тұрақсыздық” өлтірді. Тышқан ыдыстың барлық жағын кеміргенше, бір жерін ғана кеміргенде және осы шешімде тұрақты болғанында шығып құтылар еді» дейді. 

Зеректік жұмбағы... Алма

Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?

(жауабы ертең...)