Untitled Document

Сұхбат... Жан тыныштығына қауышу үшін

Адам айналасын, мысалы жерді, көкті және жұлдыздарды бос кеңістікте айналатынын, ғасырлар бойы бір-бірімен соғыспай келе жатқанын, жер бетінде температура, қысым, ауа, су мөлшерінің, құрылымдарының, жануарлардың, өсімдіктердің, жансыз материялардың, атомдардың, жасушалардың, жалпы барлық болмыстардың құрылымдары мен әрекеттеріндегі тәртіпті, реттілікті, сәйкестікті көріп, аздап ой жүгіртсе бұларды жасаған, жаратқан, құдіретті, білімді бір иенің бар екендігін қаласа да, қаламаса да қабылдауға мәжбүр болады. Ақылды адам әлемдегі бұл ұлылықты, осы жүйелі реттілікті көріп, Аллаћу та’аланың бар екеніне сеніп, мұсылман болады.

1966 жылы мұсылман болған швейцариялық профессор журналисттердің сұрақтарына былай жауап берген: «Ислам кітаптарын зерттеп, хақ жолды түсіндім. Ислам ғалымдарының ұлылығын ұғындым. Ислам діні сол күйінде түсіндірілсе бүкіл әлемде ақылды адамдардың барлығы қуана-қуана мұсылман болар еді».

Адам табиғат пен өзін зерттеп, мұсылман болғаннан кейін Ислам ғалымдарының кітаптарынан Мұхаммед алейһиссаламның өмірін, жақсы мінезін оқыса, иманы күшейеді. Моральдық (ахлақ) ілімді үйреніп, жақсы мен жаманды, пайдалы мен зиянды нәрселерді ажыратады. Жақсы істерді істеп, кемел адам болады. Дүниеде тыныш, бақытты өмір сүреді. Оны барлық адамдар жақсы көретін, сыйлайтын болады. Аллаһу та’ала одан разы болады. Ахиретте де Аллаһу та’аланың мейіріміне, сый-сияпатына бөленеді.