Untitled Document

Сұхбат... Дүние, қабір және ахирет

Уақыт зымырап өтіп жатыр және әр өткен күн бізді қабірге бір қадам жақындатуда. Әр түні төсекке жатудан бұрын сол күннің есебін жасауымыз керек. Қателеріміз бен кемшіліктерімізді анықтау керек. Егер күнімізді жақсы өткізген болсақ, келесі күнді одан да жақсы өткізуге тырысқан жөн. Ал жаман өткен болса, тәубе етіп, енді ондай қателік жібермеуге тырысу қажет. Адамға үш түрлі өмір берілген: дүние, қабір және ахирет өмірі. Бұлардың ең қысқасы – дүние өмірі. Ең маңызды болғаны да осы. Өйткені үш өмірін де осында жақсарта алады. Жұмыс істейді, өз ризығын және бағуға жауапкер болғандарының ризықтарын халалдан табады, кейін кіретін қабірін нұрландыруға, жайландыруға тырысады. Қабір өмірі дүние өмірінен ұзын, дүниедегі үйімізді ыждаһатпен жайландырмағанша ішіне көшіп кірмейміз. Кіретін болсақ, рахаттана алмаймыз. Алайда дүниелік үйімізде тіпті бір күн қалатынымыз да белгісіз. Бұл үйіміз жайлы болмаса, оны ауыстыра аламыз. Басқа үйге көшу мүмкіндігі әрдайым бар. Бірақ «Мен бұл қабірді ұнатпадым, бұл жерде мен қысыламын, іші қараңғы, мені басқа қабірге ауыстырыңдар» десек, бізге кім құлақ асады?  

Мәңгі өмір сүретін ахиреттегі өмірімізді де осында жақсарта аламыз. Ол үшін уақытымызды босқа кетірмеуіміз керек. Өмір біткен кезде адам Әзірейіл алейһиссаламға (өлім періштесіне) көп жалбарынады:  

- Маған бір күн өмір сүруге рұқсат бересің бе?  

- Күндерің бітті!  

- Ең болмағанда бір сағат уақыт берші?!  

- Раббымыз саған мыңдаған сағат өмір берген еді, оларды неліктен бағаламадың? Қазір бір сағат үшін сонша жалынасың! Бұл мүмкін емес, өйткені әрбір тынысың санаулы...