Өлең... Қатыгез қайсыбір сағатта
Қатыгез қайсыбір сағатта
Өмірді келеді тастағың.
Сонда да үмітті жоғалтпа
Қаралы күндерден қашпағын.
Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,
Тағдырың улы оғын жолдаса.
Өзің-ақ ойлашы, несі өмір
Қуаныш, қайғысы болмаса.
Қай жерде тіршілік өмір бар,
Сол жерде қуаныш, қайғы да.
Болса да алдың - құз, артың - жар,
Төзе біл, өмір сүр, айныма.
Мұқағали Мақатаев
Үй үшін...
Практикалық мәліметтер
- Шәугімде жиналатын қақтарды тазарту үшін суға сірке суын қосып 15 минут қайнату керек.
- Жұмыртқа дағын кетіру үшін суық суға біршама уақыт ұстап, жылы сумен жуу керек.
- Ірімшікті кесерде пышақты суық суда ұстап, кейін кессе, оңай кесіледі және пышақ оңай тазаланады.
- Балық қуырарда майға қызылбұрыш себілсе, ерекше дәм береді және түсі әдемі болады.
- Картопты ашудан бұрын 10 минут ыстық суға салып қойылса, қабығы оңай ашылады.
- Тоңдырылған азықтарды салауатты түрде еріту үшін мұздатқыштан шығарып, бір күн бұрын тоңазытыштың ең төменгі қабатына қою керек.