Сұхбат... Сыйлық берудің үкімдері
Сұрақ: Сый жасаудың маңызы қандай? Сыйлаған затымызды қайтарып алуға немесе рұқсатсыз қолдану жаиз ба?
Жауап: Сыйлық кімге берілсе соныкі болады. Оны рұқсатсыз қолдануға болмайды.
Біреуге сыйлық беру – оған деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіру болып табылады. Екі хадис шәрифте былай делінген:
«Бір дін бауырларыңды жақсы көрсеңдер, жақсы көретіндіктеріңді оған білдіріңдер!» (Бұхари)
«Аллаһ жолында бір адам дін бауырын жақсы көрген кезде оған жақсы көретіндігін білдірсін. Өйткені, бұл қарым-қатынаста қалады, сүйіспеншілікті берік қылады.» (Ибни Әбид-Дуниа)
Сондықтан сыйлық беру сүннет болып табылады. Аз болса да сыйлық беруге әдеттену керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Бір-біріңе сыйлық беріңдер, махаббаттарың (сүйіспеншіліктерің) артсын!» (Табарани)
«Сыйлық достықты арттырады, ренішті кетіреді.» (Әбу Нуайм)
«Сыйлық - Аллаһу та'аланың жіберген жақсы ризқы. Оны қабыл еткен адам Аллаһу та'аланың жібергенін қабыл еткен болады. Кері қайтарған Оның жібергенін кері қайтарған болады.» (Рамуз)
«Сұрамай берілген нәрсені алыңдар! Ол – Аллаһу та'аланың жіберген ризқы.» (Бәйһақи)
«Сыйлық бергенге сендер де сыйлық беріңдер! Егер беретін нәрсе таппасаңдар, ол үшін дұға етіңдер, сыйлық жауапсыз қалмасын!» (Нәсаи)