Сұхбат... Қолдағы ниғметтер
Аллаһу та'аланың ниғметтері, сыйлары, яғни жақсылықтары әр сәтте адамдардың жақсысына да, жаманына да келуде. Әркімге мал-мүлік, бала-шаға, ризық, хидаят сияқты әр түрлі жақсылықтарды ажыратпастан жіберіп жатыр.
Адамның Аллаһу та'ала берген мал-мүлік, бала-шаға, мансап, абырой сияқты өткінші және аманат ретінде берілген ниғметтермен өзін үстем санауы, тәкәппарлануы – ақылсыздық. Өйткені бұлар адамның өзінде болған үстімдіктер емес. Келіп кететін, адамнан тез айрылатын нәрселер. Бұлар жаман адамдарда да болады. Тіпті оларда көбірек. Мал-мүлік адамның қадірлі болуына себеп болғанда, ұрылардың, аз уақыт та болса, қадірлі болуы қажет болар еді.
Аллаһу та'ала нәсіп еткен бүкіл ниғметтері сияқты, перзент те үлкен ниғмет. Одан бөлек Аллаһу та'аланың ниғметтеріне шүкір ету де үлкен ниғмет. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып, үйреніп, үйретуге тырысқан ата-ана да перзент үшін үлкен ниғмет. Дұрыс сенімді, дұрыс фиқһ, илмихал білімдерін жазған кітаптар, журналдар, газеттер, дұрыс мәліметтер беретін радио, теледидар және ғаламтор да оқырмандары, тыңдаушылары үшін үлкен ниғмет. Ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді.
Әрбір ата-ана әрі өзін, әрі перзентін оттан қорғауға мәжбүр. Перзентіне Аллаһу та'аланы, Оның пайғамбарын, намаз оқуды, Құран кәрімді үйретпеген ата-ана – перзентінің өлтірушісі. Бала дәрет алып жаурап қалмасын, сабағынан қалмасын деп айту балаға деген қамқорлық емес. Ұмытпау керек болғаны, перзент әр күнә істеген сайын ата-анасына да күнә жазылады. Ол перзент әр ғибадат жасағанында, ата-анасына да сауап жазылады...