Денсаулық... Алма – шипаның қайнар көзі
Салауатты қоректенудегі алманың маңыздылығы ойлағанымыздан да артық пайдалы болып, ішектердің қатерлі ісікке шалдығу қауіпін де азайтады. Мамандар сол себептен әрбір астан кейін алма жеуге кеңес береді. Құрамы көптеген минерал мен дәрумендерге қанық болған алманың өзге де бір қатар пайдалары мыналар:
Арықтау үшін: Арықтау үшін өте жақсы жеміс. Нәрлілігі төмен болғандықтан семірудің алдын алады, қанның құрамындағы шекерді реттейді және жоғарғы қан қысымына оңынан ықпал етеді.
Иммунитет үшін: Алмадағы С витаминінің арқасында суық тию (тұмау) вирустарын денеге кіргізбейді. Құрамындағы ферум С витаминімен бірлескенде ағзаға жақсы енеді.
Іш қатуында: Түскі астың алдында желінген бір алма іш қатуының алдын алады.
Тістер үшін: Тамақтардан кейін желінсе, тіс тазартудың орнына өтеді.
Холестерин үшін: Алма зиянды холестеринді (LDL) азайтып, пайдалы холестеринді (HDL) көбейтеді.
Жүрек үшін: Алмадағы Фенилаланин (алмастырылмайтын амин қышқылы) денедегі жүрек қызметіне көмекші болған Q ферментін белсендіреді.
Күлімдейік...
Французша сабақ
Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен.