Кәсіпкерлік... Билл Гейтстің көшбасшылық сырлары (2)
● Қызметкерлерін бағалау. Майкрософт ең ақылды адамдармен жұмыс істеуді қалайды және оларды жоғалтқысы келмейді. Билл Гейтс бір мақаласында жұмыстан шыққан әрбір қызметкерінің артынан «ол неге жұмыстан шықты, неге оны қанағаттандыра алмадық, қай жерде қате жібердік?» деген сұрақтарға жауап іздейтінін айтады. «Қызметкерлер Майкрософттың ең қадірлі болмысы. Қызметкерлер мұны жақсы біледі. Жұмыс барысының әрбір сәтінде мұны сезінеді. Сондықтан Майкрософтта қызметтен босау АҚШ-тағы орташа көрсеткіштен екі есе аз кездеседі.»
● Нарықтағы өзгерістерді бақылау. Жылдам дамитын секторда кері қалу - жойылу деген мағынаға келеді. Билл Гейтс ешбір салада нарықтан кері қалғысы келмейді. Кері қалған жағдайда қатесін тез түсініп, қажетті шараларын қамдайды. Мәселен 1984 жылы Эйпл фирмасы макентошты шығарады. Графикалық операциялық жүйе болғандықтан Майкрософттың операциялық жүйесінен өте үстем еді. Майкрософттың аналогы бір жылдан кейін шықты. Windows атты бұл жаңа жүйе сәтсіз болды, алайда Билл Гейтс қамықпады. Табанды еңбектің арқасында 1990 жылы шығарған 3.0 өте үлкен табыс әкелді. Осыған ұқсас мысал интернет мәселесінде орын алды. Билл Гейтс интернеттің дамуын жеткілікті түрде бақылай алмады. Интернетке қатысты өнімдерді жетілдіре алмады, кері қалды. Мұның нәтижесінде тарихта алғаш рет Майкрософттың акциялары «Үнемі табыс әкелетін акциялар» тізімінен түсіп қалды. Бірақ Билл Гейтс қатесін түсініп, бір жыл ішінде интернетпен байланысты көбейтіп, өнімдерін ең қомақты түрде интернетке байланыстыра білді.
● Нарықты түрлендіру. Билл Гейтс пен Майкрософттың ұраны «стандарттарды біз қоямыз». Майкрософттың тарихы осы ұранға сай әртүрлі мысалдарға толы. Мәселен Basic, DOS, Windows жүйелері нарықтағы ең кеңінен тараған өнімдер қатарында болды.