Кәсіпкерлік... Билл Гейтстің көшбасшылық сырлары (1)
● Визион иесі болу. Билл Гейтс жастайынан компьютердің маңыздылығын және адамдардың өмірінде ойып орын алатындығын жақсы ұғына білген адам. Жақын досы Майкрософттың құрушы ортағы Паул Алленмен жиі пікір алмасып, осының салдарында келешекте әрбір адамның үйінде және жұмыс орнында өзіне тән компьютері болатындығын болжай алған. Құрған фирмаларында осы негізге сәйкес адамдардың жұмыс істеуіне, өздерін жетілдіруіне көмекші болатындай өнім шығаруды мақсат еткен.
● Көп еңбек ету: Билл Гейтс ақылдылығымен қатар өте еңбекқор адам. Ақылды, зерек болу жеткіліксіз, оған қоса еңбекқор болу керектігін алға тартады және жұмыскерлерден да осы қасиетті талап етеді.
● Ақылды қызметкерлермен жұмыс істеу. Бағдарлама жазу ең жоғарғы секторлардың бірі болғандықтан бұл салада кездейсоқ адамдармен жұмыс істей алмайтындығын, ақылды, зерек адамдармен жұмыс істеуі керектігін ойлап, жұмысқа ақылды адамдарды алуға тырысады. Ақылды адам кім деген сұраққа өзі қысқаша былай жауап береді: «Ақылды адам әрнәрсенің жеке-жеке айтылуын қажет еттірмейтін адам. Ақылды адам ізденеді, табады, жетілдіреді, жаңа нәрселер ойлайды, ойлағанын қолданымға енгізеді.» Майкрософт қызметкер алу үшін көп конкурс, ізденіс өткізеді. Ойындағы адамды тапқанға дейін бір қызметті бос қалдырған кездері көп болады.
● Қызметкерлеріне үлес беру. Билл Гейтс өзін қоса есептегенде қызметкерлеріне жоғары, астрономиялық жалақы тағайындамайды. Майкрософттың ешбір қызметкері әлемдегі ең жоғары жалақылы адамдардың қатарына кірмейді. Мұның орнына зерек адамдарды қызықтыру үшін оларға үлес беруде. Соның салдарында Майкрософт қызметкерлерінің біршамасы миллиардер, үштен бірі миллионер болып табылады.
(жалғасы ертең)