Untitled Document

Ғұлама... Ариф Ривагари

Ариф Ривагари рахметтуллаһи алейһ сілсіләи алийа деп аталатын ғұламалар шежіресінің оныншысы, Бұхарадан 30 шақырым жердегі Гивагар ауылында дүниеге келген. 1315 жылы (х.715) қатыс болған. Қабірі Ривагарда. Ариф Ривагари хазреттерінің даналық сөздері:

● Аз сөйле. Сөздің жамандығынан Аллаһу та’алаға сиын. Өйткені бәле ауыздан шыққан сөзге жақын болады.

● Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.

● Тұрмыста асыра сілтеп жаратпай, үнемдеу, тұрмыс таршылығынан құтылуға себеп болады.

● Сахабаларға құрмет етпейтін адам Мұхаммед алейһиссаламға иман келтірмеген болады.

● Жақсы көрші болу дегеніміз - көршіге жәбір көрсетпеу және зияныңды тигізбеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көршінің жәбіріне төзу, сабыр ету деген сөз.

● Мына үш адамнан ұзақ тұрыңдар: Тәкаппар дін адамы, байларға жалтақтайтын хафыздан және діннен сауаты жоқ тариқатшыдан.

● Ең үлкен күнәлардың бірі адамдарды мазақ, келеке ету.

● Мына үш нәрсе барда ғаріп болмассың: көркем мінез, шүбһәдан сақтану және зәбірден ұзақ тұру.

● Сендерге дініңді үйреткен ата-аналарың сендерден разы болмайынша, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы бола алмайсыңдар. Ихсанға қауышудың себебі ата-ананың дұғасы болып табылады. 

Кешегі жауап: 11+1+1+1=14