Untitled Document

Ғибрат... Тәубе мен жаңбыр

Шамда тұратын хазреті Билал бин Сад тәбиин ғалымдарынан, дұғасы қабыл болатын, әулие кісілерден еді. 

Бір кездері Шамда ұзақ уақыт бойы жаңбыр жаумай кетеді. Тіпті адамдар аштық пен сусыздықтан шарасыз өле бастайды.  

Барлығы хазреті Билал бин Садқа келіп, бірге «жаңбыр дұғасын» оқуға шығады. Сонда Аллаһтың сүйікті әулие құлы:

- Уа, халайық! Естеріңізде болсын, адам басына келетін қиыншылықтар мен пәлекеттер жасаған күнәларының салдарынан келеді. Сондықтан баршаңыз жасаған күнәларыңызды мойындайсыздар ма? - дейді. Халық сөзін тыңдап, былай деп жауап береді:

- Иә, біз бәріміз күнәһармыз. Өкініп кешірім сұраймыз! - деп жамырап айқайлай бастайды. Сонда әулие кісі қолын жайып, әлемдердің Раббысына былай деп жалбарынады:

- Йа, Раббым! Сен Құран кәрімде «Иман келтіріп, дұрыс сөйлегендердің дұғаларын қабыл етемін» деп бұйырудасың. Біз саған иман келтіріп дұрыс сөйледік, ал енді істеген қателіктерімізге қатты өкінудеміз, бізді кешіре гөр, бағышта! Біздің төбемізден жаңбыр жаудыр! – дейді. Оған халық бірауыздан «Әмин!» дейді. Сол мезетте аспанды қара бұлт торлап, көк күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жауа бастайды. Жаңбыр құйғаны соншалық халық жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеледі.   

Зеректік жұмбағы...

Сандар

     Барлығы бірдей саннан тұратын 5 тақ сандардың қосындысы 14 болса, бұл тақ сан қанша? (Жауабы ертең...)