Сұхбат... Дұғаның қабыл болуы үшін
Дұғаның қабыл болуы үшін кейбір шарттар бар. Дұғаның қабыл болатынына күмән келтірмеу керек, шарттары орындалып, орындалмағанынан да күманданбау керек. Керекті шарттарын орындамастан дұғаның қабыл болуын күту дұрыс болмайды.
Дұғаның қабыл болуы үшін шарттарының біршамасы мыналар:
– Харам азықтан сақтану керек.
– Ақида (сенім) дұрыс болуы керек.
– Дұғаларым не үшін қабыл болмай жатыр демеу керек. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала дұғаларыңды қабыл етеді. Дұға еттім, әлі дұғам қабыл болмады деп асықпаңдар! Аллаһу та’аладан көп тілеңдер! Өйткені ұлылық иесінен тілеудесіңдер» делінген. (Бұхари)
– Тілеген нәрсенің орындалмауы, дұғаның қабыл болмағанын көрсетпейді. Сондықтан дұға етуді тоқтатпау керек! Дұғаның қабыл болуының кешігуінің басқа да себептері бар. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Мумин дұға еткенде Аллаһу та’ала Жәбрейіл алейһиссаламға “Мен оны жақсы көремін, сұраған нәрсесін тез орындама!” Фажир (күнәһар) адам дұға еткенде “Мен оның дауысын жақсы көрмеймін. Тілегін дереу орында” деп бұйырады.» Олай болса дұғаның орындалуының кешігуі зиянды емес.
– Бәле келмей тұрып көп дұға ету керек.
– Дұғаны хамд және салауат айтып бастау керек.
– Жалынып, жалбарынып дұға ету керек.
– Себептеріне жабысу керек. Себебіне жабыспай дұға ету бос әурешілік. Хадис шәрифте былай делінеді: «Еңбек етпестен дұға еткен адам қарусыз соғысқа аттанғанмен тең.» (Дәйләми)
– Күнә істелмеген тілмен дұға ету керек. Пайғамбарымыз «Аллаһу та’алаға күнә істелмеген тілмен дұға етіңдер» дейді. Ондай тілді қайдан табамыз деп сұрағанда «Бір-бірлеріңе дұға етіңдер! Өйткені сен оның, ол да сенің тіліңмен күнә істеген емес.» деген. (Тәрғиб-ус-салат)
– Дұғаны тек намаздардан кейін және белгілі уақыттарда ғана тілеу мәкрух. Әр мүмкіндікте дұға ету керек! Әсіресе қадірлі уақыттарды, қадірлі халдерді жіберіп алмау керек, мүмкіндік деп білу керек!