Untitled Document

Сұхбат... Қияметте өкіну

Қиямет күні бүкіл адамзат өкінеді. Дүниеде өкіну – ниғмет, бірақ ол жақтағы өкіну – пәлекет. Қазір біреу мазарынан тіріліп дүниеге келсе, қалай өмір сүрер еді? Әрине бір сәтті де бос өткізбейді, үнемі ахиреті үшін еңбек ететін еді, күнә істемейтін еді, ешкімді ренжітпейтін еді. Ал біз ол жаққа бармаймыз ба? Барғанда басымызға не келетінін, неге ұшырайтынымызды дініміз айтқан.

Аллаһқа иман келтірмегендер, сүйікті пайғамбарымыздың жеткізгендеріне сенбегендер, ұнатпағандар, Ислам дінін қабылдамағандар тозақта айқайлап азап шегеді. «Йа, Раббым, бізді қайтадан дүниеге жібер, мүлдем күнә істемейміз, тек ғибадат жасаймыз» дейді. Оларға «Сендер, онсыз да, сол жақтан келмедіңдер ме?» деген жауап беріледі.

Бір әулие кісі бір мұсылманның қабірінің алдына тұрып, шәкірттерінен сұрайды:

-Бұл қабірдегі кісі қайтадан дүниеге келсе, сендердің ойларыңша, немен айналысар еді, не істер еді?

Шәкірттерінің бірі «Әрине үздіксіз намаз оқиды» дейді. Басқа бірі «Үнемі ораза ұстайды» дейді. Тағы бірі «Ислам дінін жаяды» дейді. Әр шәкірт бүкіл пайдалы амалдарды атап шығады. Сонда әлгі әулие кісі:

«Дұрыс айтасыңдар, тек бұл мазарда жатқан кісінің дүниеге қайтып келуі күмәнді. Ал сендердің ол жаққа кетулерің нақты. Яғни сендер де ол сияқты өлесіңдер. Олай болса, неліктен қазір атап шыққан ғибадаттарыңды орындамайсыңдар? Нені күтіп жүрсіңдер? Ол жоғалтқан мүмкіндікті сендер ғанимет деп білулерің керек, ертеңге қалдырмастан осы пайдалы амалдармен шұғылдануларың керек!» – дейді.