Untitled Document

Денсаулық... Микротолқынды пештегі қауіптер

Технологияның дамуы өмірімізді жеңілдетумен қатар, денсаулыққа кері әсері бары сыр емес. Әлемде кітаптары ең көп сатылуымен назарға іліккен АҚШ-тық дәрігер Джозеф Меркола миркотолқынды пештердің денсаулығымызға қауіп төндіріп тұрғандығын, бұл пештерден таралатын радияциялар бедеулікке жол ашатындығын айтып, «сәбилі болғыларың келсе микротолқынды пештеріңді қоқысқа тастаңдар» деп мәлімдеп бұл тақырыпта біршама ескертулер жариялады. АҚШ-тық дәрігер микротолқынды пештен таралатын радияциялар бала көтеру, гормон деңгейі, қан қысымы, жүрек қан айналым жүйесі, психологияға кері әсер етумен қатар зейін кемістігі, ұйқы бұзылуы, әлсіздік секілді келеңсіздіктерге себеп болатынын баяндады. Ал ыстыққа төзімді пластикалық ыдыстар микротолқынды пешке салынғанда өзінен қатерлі ісікке себеп болатын токсиндер бөлетінін ашып айтты.    

Мәлімет...

Күнтізбедегі Ораза кестесі

     Рамазан айының қазаларын немесе Шәууал айының оразасы сияқты қасиетті күндерде ораза тұту үшін күнтізбеміздегі «Имсак» деген уақытта ауыз бекітіліп, «Шам» деген уақытта ауыз ашылады. Яғни ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішіп-жеп болу керек. Ауызашар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.