Untitled Document

Хикмет... Соңғы кездерде

  • Көп жазамыз, бірақ аз оқимыз.
  • Витриналар толы, бірақ жүректеріміз бос.
  • Дәрі-дәрмектер көбейді, бірақ аурулар да көбейді.
  • Дипломымыз көп, бірақ тыныштығымыз аз.
  • Ақшамыз көбейді, бірақ мұқтаждығымыз да артты.
  • Кітапты аз оқимыз, бірақ теледидарды көп көреміз.
  • Жағдайымыз жақсарды, бірақ уақытымыз азайды.
  • Барлық нәрсені тазарттық, бірақ рухтарды кірлеттік.
  • Мамандықтар көбейді, бірақ проблемалар да артты.
  • Үйлеріміз үлкейді, бірақ отбасымыз кішірейді.
  • Түнде кеш жатып, азанда шаршап тұрамыз.
  • Таныстарымыз көбейді, бірақ достарымыз азайды.
  • Дүние татулығы дейміз, бірақ жақындарымызбен араздаулымыз.
  • Көп жоспарлар түземіз, бірақ нәтижелері аз.
  • Тіршілігімізді арттырдық, бірақ қадір-қасиетімізді жоғалттық
  • Ақшаларды судай жаратамыз, бірақ қажеттіліктер бітпейді.
  • Әдемі үйлерде тұрамыз, бірақ тыныштығымыз қашты.
  • Табысымыз артты, бірақ мінез-құлықтарымыз бұзылды.
  • Үйге қос жұптың айлығы кірді, бірақ жұптардың ажырасулары көбейді.
  • Айға барып келеміз, бірақ көршімізге бара алмаймыз.

Күннің тарихы ... ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, қысқа уақытта өздерін жинап алып, күшті мемлекетке айналды.

Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған.