Тарих... Хазреті Әйюб Сұлтанның қабірі
Османлы сұлтаны Фатих Сұлтан Мехмет хан Стамбул жеңісінен біршама уақыт кейін ұстазы, заманының әулиесі Ақшамседдин хазреттеріне барады. Сұлтан: «Ұстаз, тарих кітаптарынан сахабалардың үлкені, пайғамбарымызды үйінде қонақ еткен Халид бин Зәйд Әбу Әйюб Әнсаридің қабірі Стамбул қорғандарының маңында деп оқыған едім. Сол мүбәрәк кісінің қабірін табуыңызды өтінемін» дейді. Хазреті Ақшамседдин «Мына қарсы беттегі жағалаудан нұр көрудемін. Сол жерде болуы тиіс» дейді. Патша екеуі сол жерге қарай барады. Ақшамседдин хазрет шынар ағашынан екі бұтағын сындырып, екі жерге қадайды да: «Қабірі осы екі бұтақтың арасында» дейді. Кеш ауған уақыт болғандықтан қайтып кетеді. Фатих Сұлтан ұстазына нық сенгенімен, ешкімде күмән қалмасын деген ниетпен сол түні қызметшісілеріне: «Барыңдар, Ақшамседдин хазреттерінің тіккен бұтақтардың ортасына мына мөрімді көміңдер және бұтақтарды алып жиырма қадам оңтүстікке ауыстырып қойыңдар» дейді. Таңертеңгісін патша Ақшамседдин хазреттеріне қабір орнын қайтадан бір көрсетуін өтінеді. Барғандарында Ақшамседдин хазреттері тігулі тұрған бұтақтарға қарамастан дәл кешегі орынға барып: «Бұтақтардың орны ауысыпты, Халид бин Зәйд осы жерде жатыр» дейді де кешегі қызметшіге «Сұлтанның мөрін шығарып өзіне беріңдер» дейді. Ақшамседдин хазреттері кереметімен патшаның жүзігінің сол жерде жатқанын түсінген болатын. Бұдан кейін Фатих Сұлтан: «Енді көңілімде ешқандай күмән қалмады, бірақ толық сенімді болу үшін, тағы бір белгі көрсетесіз бе» деп өтінеді. Хазреті Ақшамседдин: «Қабірдің бас жағынан бір метрдей қазылғанда Бұл Халид бин Зәйдтің қабірі» деп жазылған тас шығады дейді. Қазғандарында дәл солай жазылған көктас шығады.
Фатих Сұлтан қабіріне көркем кесене және сәулетті мешіт салдырады.