Денсаулық... Көзге арналған 8 қарапайым жаттығу (1)
Бұл жаттығулар шаршағанды басып, көз қырағылығын жақсартып, адамның рахаттануына әкеледі. Әсіресе компьютер алдында ұзақ уақыт жұмыс істейтіндерге пайдасы мол. Сіз оларды үйде де, жұмыста да істей аласыз. Ең бастысы, бұл жаттығуларды күн сайын жасау қажеттілігін ұмытпаңыз. Барлық жаттығуларды арқаңызды түзу ұстап отырып орындау қажет. Әрбір жаттығуды бітіргеннен кейін, көзіңізді жауып, бірнеше секунд дем алу қажет.
1-жаттығу. Көзіңізді жұмыңыз да, денеңізді бос ұстай алу мақсатында бірнеше рет терең тыныс алыңыз. Енді екі алақаныңызды біріктіріп уқалап, күш түсірмейтіндей етіп көздеріңізге басыңыз. Қолдарыңыз өз жылуын толығымен бермейінше, осы қалыпта қалуға тырысыңыз. Енді көздеріңізді ашпай, алақандарыңызды тағы бір мәрте уқалап, қайта көздеріңізге басыңыз. Жаттығуды үш рет қайталаңыз.
2-жаттығу. Көзіңізді ашыңыз да тез-тез 10 рет көзіңізді ашып жабыңыз. Енді көздеріңізді жауып, денеңізді бос ұстап, тынысыңызды тыңдаңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
3-жаттығу. Жұдырықтарыңызды түйіп, бас бармақтарыңызды жоғары көтеріңіз. Қолдарыңызды көздеріңіздің деңгейіне дейін көтеріңіз. Екі қасыңыздың арасындағы кеңістікке қарап, назарыңызды сол қолыңыздың бас бармағына аударыңыз. Тағы да екі қасыңыздың арасындағы кеңістікке қарап, назарыңызды оң қолыңыздың бас бармағына аударыңыз. Екі қас арасына қараған кезде, тыныс алып, саусақтарыңызға қараған сәтте деміңізді шығарыңыз. Жаттығуды 10-20 рет қайталау қажет.
4-жаттығу. Қолдарыңызды тізелеріңізге қойып, басыңызды түзу ұстаңыз. Алдыңыздағы бір нүктеге қараңыз. Деміңізді шығара отырып, сол қолыңыздың бас бармағына назар аударыңыз. Тыныс алған кезде тағы да алдыңыздағы нүктеге қараңыз. Тура осы жаттығуды оң қолыңыздың бас бармағымен жасаңыз.
(жалғасы ертең)