Мақала... Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (2)
Тарихта болған және қазіргі болып жатқан құбылыстардан сабақ алу, дүниетанымымызды кеңейту қажеттілігін елбасымыз былай мәлімдейді:
«Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.»
Уақытпен бірге жүруді, жылдам дамып, жаһанданып жатқан дүниеде қатардан қалмай әлемдік деңгейде қозғалуды, жаңа технология және басқа да өзгерістерге дайын болуды, ашық болуды, өзгелердің озық тәжрибесімен жетістіктерін бойға сіңіру табыстың кілті екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ мақалада патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтқан елбасымыз, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, тарихи деректерді, тарихи тұлғаларды, аңыз-әңгімелерді жаңғыртып, жас ұрпақтың біліп өсуіне ықпал жасалуын «Туған жер» бағдарламасы арқылы, отанға қолдау көрсету жолдарын қолға алу қажеттілігі және басқа да көптеген мәселелер айқындалды.