Untitled Document

Мақала... Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (1)

Былтыр 26 сәуір күні елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген болатын. Елбасымыздың мақаласы елдің еңсесін көтеретін, ұлттық құндылықтарға бекем болуға, табысты болуға бағыттайтын, биіктерге ынталандыратын терең мағыналарға ие.

Мақалада бағытымыздың ең дамыған 30 елдің қатарына кіру екендігін мәлімдеген елбасымыз, егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын атап көрсетеді.

Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы...»

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» деп жан-жақты болуға, білімді болуға шақырады.

 

(жалғасы ертең)