Untitled Document

Сұхбат... Ілім жайылу керек

Адам денесіндегі ең құнды мүше – көңіл (жүрек). Біздің дініміздің негізі осы көңілді аурудан құтқару. Өйткені, адамның ішінде көңілді ауруға шалдықтыратын дұшпан бар. Әрі Аллаһқа дұшпан, әрі көңілге дұшпан. Ол – адамның нәпсі. Нәпсіге қарсы ем қолдану керек, дәрі керек. Бұл дәрі – хазіреті Имам Раббани сияқты ұлы тұлғалардың махаббаты және жазған еңбектері.

Еңбектері дегенде әрі кітаптары, әрі оларды жақсы көріп олардың жолында болғандар түсініледі. Мұндай ұлы тұлғалардың біріне жолыққан адам құтылады. Адам қияметте дүниеде бірге болған, жақсы көрген адамдарымен бірге тіріледі. Адам жақсы көретін адамын жақсылап таңдап, одан кейін жақсы көруі керек. Кім болғанымыз емес, кіммен бірге болғанымыз маңызды. Өйткені, адам қалай өмір сүрсе, солай өледі. Қалай өлсе, солай тіріледі.

Бұл дүниеде кімдермен бірге болсақ, ахиретте де солармен бірге боламыз. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Әл мәр’у мә’а мән әхаббә» – деген, яғни «Кімді жақсы көрсеңдер, дүниеде кіммен бірге болсаңдар, ахиретте де солармен біргесіңдер.»-  деген. Кім Аллаһу та’аланы көп еске алса, Онымен бірге болады. Кім сүйікті пайғамбарымызға көп салауат айтса, Онымен бірге болады.

Ауруханалар мен түрмелер «Сүйгенімне неге тиістің» деген адамдармен толып жатыр. Мұхаммед алейһиссалам – Аллаһу та’аланың сүйіктісі. Кім Аллаһу та’аланың сүйгендерін келемеждесе құриды.

Пайғамбарымызға және Оның мұрагерлері болған әулиелерге қаншалықты сүйіспеншілік сезінсек, олар бізге одан да көп сүйіспеншілік танытады. Кім оларға бір қадам жақындаса, олар оған мың қадам жақындайды. Дін ұлыларының жолы оқу және оқыту еді. Олар көп оқыды, үйретті және кітаптар жазды. Сондықтан. оларды жақсы көргендер олардың жолында болуы керек. Олардың жолында болу - Әһли сүннет сенімін үйрену және үйренгенін үйрету. Олар араның мыңдаған гүлдерден жинап, бал жасағаны сияқты, кітаптарды дайындап алдымызға қойды. Енді біздің оқуымыз және сол кітаптарды басқаларға да беруіміз керек.

Ілімнің міндетті түрде жайылуы керек, өйткені, иманнан кейінгі алғашқы әмір «Оқу», яғни үйрену, ілім жинау. Ілім болмаса дін болмайды.