Untitled Document

Сұхбат... Достық

Жақсы дос дүние үшін де, ахирет үшін де үлкен бақыт болып табылады. Жақсы адамдарға кездескен адам ахиретте өкінбейді. Адамның басына келетін барлық бәле-жала жаман дос арқылы келеді. Одан бойын алыс ұстау керек.  

Жақсы дос жақсылықты туысқан болғандықтан не болмаса өз пайдасы үшін жасамайды. Жасағанын тек Аллаһ разылығы үшін жасайды. Жақсы дос адамды жоғары деңгейге көтереді. Жаман дос адамды ең төменгі дәрежеге түсіреді.  Аталарымыз: «Жақсымен жүрсең жетерсің мұратқа, жаманмен жүрсең қаларсың ұятқа» деген.

Сондықтан кез-келген адаммен достаспау керек. Кез келген адамға сыр шертпеу керек. Біреудің сөзіне алданбау қажет. Адамдардың сөзіне емес, ісіне қарау керек. Өз-өзіне пайдасы тимейтін адамнан сақтану керек. Өзіне пайда тигізбеген адам басқаға пайдалы бола алмайды.

Тирмизидің Әбу Хурайрадан алған хадисінде былай делінген: «Адамның діні досының діні сияқты. Әрбір адам кіммен достасқанына қарасын».

Зеректік жұмбағы...

Уақыт

     Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?  (Жауабы ертең...)