Сұхбат... Лұқман Хакимнің насихаты
Уа балам! Ғалымдардың алдында мақтану, ақылсыздарға қырсығу және мәжіліс пен жиындарда өзіңді көрсету үшін ғылым үйренбе! Қажеті жоқ деп те ғылымды тәрк етуші болма.
Балам, адалдық пен сабырды санаңа орнықтыр. Аллаһу та’аланың харам қылған нәрселерінен ұзақ болсаң, дүниеде заһид және мүжаһид боласың.
Балам! Аллаһу та’аланы еске алатын адамдарды көрсең олармен бірге отыр. Ғалым болсаң да, ғылымының пайдасын көресің және білімің артады, лайықты болсаң саған үйретеді. Аллаһу та’аланың оларға болған мейірімінен сен де нәсіптенесің. Аллаһу та’аланы зікір етпейтіндерді көрсең олардан ұзақ тұр.
Балам, қораз сенен де ақылды болып жүрмесін! Ол әр күні таң атқанда зікір және тәспих айтады. Ал сен болсаң ұйқыдасың.
Балам, таңдалған құлдарға тәслім бол, жамандармен дос болма.
Балам! Адамдарға жақсылықтарды насихаттауды ұмытпа, әйтпесе шамдай боласың. Шам адамдарға жарық береді, бірақ өзін жағып, ерітеді.
Балам! Өтірік айтудан өте сақ бол! Өйткені дініңді бұзады және адамдар арасында сенімділігіңді азайтады. Сондай-ақ ар-ұятыңды, қадіріңді және дәрежеңді жоғалтасың.
Балам! Жаман мінезден, көңіл бытыраңқылығынан сақтан. Сабырсыз болма, әйтпесе дос таба алмассың. Жұмысыңды жақсы көріп, ұнатып жаса. Қиындықтарға төзімді бол. Бүкіл адамдарға жақсы мінезді бол.
Уа балам! Үнемі ренжулі болма, көңіліңді дертті етпе. Адамдардың қолындағыларға ашкөздік етуден сақтан. Тағдырыңа разы бол және Аллаһу та’аланың саған берген ризығына қанағат ет.
Балам! Дүние өткіншіл және қысқа. Сенің дүниелік өмірің болса, аздың азы. Мұның да азының азы қалып, көп бөлігі өтіп кетті.
Балам! Тәубені ертеңге қалдырма, өйткені өлім кенеттен келіп, жағаңнан алады.
Балам! Үндемеуден өкініш көрмейсің. Сөз күміс болса, үнсіздік алтын.
Балам! Ғалымдардың мәжілісіне барып тұр. Көктемнің жаңбыры мен жер беті жасылға бөлеген Аллаһу та’ала, ғалымдардың мәжілісіндегі хикмет нұры арқылы мүминдердің көңілін нұрландырады.