Untitled Document

Сұхбат... Адамдарға қызмет

Барлық адамдар адамзатқа қызмет етудің ең абыройлы міндет екенін және осы үшін тырысып жүргендерін айтады. Өз зауқы, рахаты үшін және ақша табу үшін болған ыждағаттарын осы қызмет атауының астарына жасырғандар да өте көп.

Адамдарға қызмет – оларды дүниеде де, ахиретте де рахатқа, бақытқа қауыштыру деген сөз. Ал мұның жалғыз жолы – адамдарды жаратқан, жетілдірген, мейірімділігі мен қамқорлығы шексіз мол болған Аллаһу та’аланың көрсеткен бақыт жолы, яғни Исламның жолы. Олай болса, адамзатқа қызмет, Исламға қызмет арқылы жүзеге асады. Исламға қызмет – адамзатқа қызмет деген сөз. Тарих бойынша адамзатқа дұшпан болғандар Исламды жоюға тырысқан. Шабуылдарының ең әсерлісі мұсылмандарды алдап-арбау, іштей жою болған. Мұсылмандарды бөлшектеп, бір-біріне дұшпан қылып, дінсіздерге талануына себепші болған... 

Хикмет...ұт жапырағы

 

Имам Шафии хазреттерінен адамдар: «Аллаһтың бар екеніне дәлелің не?» деп сұрайды. Бұған Имам Шафии хазреттері: «Тұт жапырағы» деп жауап берген екен. «Өйткені дәмі, түрі, түсі және құрылысы бір болғанымен жібек құрт жесе жібекке айналады, қой жесе ет пен сүт болады, киік жесе хош иіске айналады, ара жесе бал болады. Дәмі, түсі, иісі және құрамы бір болған нәрседен осыншама көп нәрсені жаратып жатқан кім?» деген екен.