Untitled Document

Сұхбат ... Мұсылмандық мейірімділік діні

Мұсылмандық – мейірімділік діні. Күллі жаратылысқа мейірімділік пен қайырымдылық көрсету – мұсылмандықтың әмірі. Адамдарға да, жануарларға да мейірімді және рақымды болу керек. Еш қайсысына қатыгез, мейірімсіз болмау керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жәннатқа тек қана мейірімді болғандар кіреді.»

«Адамдарды қолымен және тілімен ренжітпейтін, оларға азап бермейтін, зияны тимейтін адамға мұсылман делінеді.»

Аллаһу та’ала рақымдылардың рақымдысы. Құлдарына рақымдылық етіп, пайғамбарлар жіберген. Олар арқылы құлдарына тура жолды және мәңгілік бақыт жолын көрсеткен. Оларды өзіне шақырған, яғни ризашылығының, махаббатының мекені болған жаннатқа шақырған. Арштың астында: «Мен мейірімділердің ең мейірімдісімін, мейірімім азабымнан да көп» деп жазылғаны және Жаннат қауымының екі еседей мөлшердегі адамдарды Жаһаннамнан шығарып, оларды кешіретіндігін білдірген. Мұндай мейірім иесінің шақыруын қабылдамағандар, қаншалықты бейбақ десеңші!

Бала тәрбиесі...

Жасқаншақ балалар

Жасқаншақ болып өскен бала өмір бақи мұның қасіретін шегіп өтеді. Ондай балалар ойын толық жеткізе алмайды. Қате сөйлейтінінен немесе айыпталатынынан жасқанып, тұйық болады.

Жасқаншақ, ынжық болудың ең басты себебі – ата-ананың балаға үнемі қатал мәміледе болып, әр нәрсеге киліге беруі. Баланы бақылауға алу керек, бірақ еркін жіберу керек.

Тартыншақтықпен қоса еркелік және тәкаппарлық та жаман мінез-құлықтарға жатады. Балаға қай жерде қалай сөйлеу және қалай әрекет ету керектігін білетіндей етіп тәрбиелеу керек.