Ғұлама... Мұхаммед Бақи Билләһ
Мұхаммед Бақи Билләһ – әулиелердің ұлыларынан, адамдарды хаққа шақырушы, дұрыс жолды көрсетуші ғалым, Силсилә-и алийа деп аталатын әулие және ғұламалар шежіресінің жиырма екіншісі, Имам Раббани хазреттерінің ұстазы. Әкесінің есімі Абдуссалам, ол да қадірлі дін ғалымы еді. Анасы хазреті Хусейннің тегінен.
Мұхаммед Бақи Билләһ хазреттері 1563 (х. 971) Қабул қаласында туылды.
Мұхаммед Бақи Билләһ хазреттерінің үстем халдері кіші жасынан бастап көріне бастады. Ұлы тұлға болатындығы, көптеген пайдалы амалдарға себеп болатындығының белгілері істерінен, еңбектері мен талап-жігерінен байқалатын. Жастайынан ғылым үйрену үшін Қабулдан Самарқандқа келіп, захири және ақли ілімдерді заманының ең үстем ғалымдарынан болған Мәулана Садық Хулваниден тәлім алды. Үстем жаратылысы және ерекше қабілетімен қысқа уақыт ішінде шәкірттер арасында ең жоғары дәрежеге жетті. Кейін тасаууфты үйреніп бұл жолдың ғұламаларынан батыни ілімдерді үйреніп өте жоғары дәрежелерге қауышты. Хажеги Имканаги хазреттерінің сұхбаттарынан нәр алып, силсилә-и алийа шежіресіне қосылды.
Мұхаммед Бақи Билләһ хазреттері ұстазының әмірімен Үндістанға келіп бір жыл Лахор қаласында тұрды. Ол жердегі ғалымдар оның сұхбатына қатысып фәйздерге қауышты. Кейін Дели қаласына қоныстанып, қайтыс болғанға дейін осында қалып адамдарға діни дәрістер берді.
Тамақ пісіретін адамның дәретті болуы керектігін және пісіріп жатқанда дүниелік сөздер айтылмауы қажеттігін көп насихаттайтын. «Салих емес адамның тағамы фәйздің келуіне тосқауыл болады» дейтін.