Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Жомарттық (2)

Біз Аллаһу та’аланың құлдарымен қандай мәміледе болсақ, Аллаһу та’ала бізге солай мәміле етеді. Кешірімді болсақ, бізді де кешіреді. Берсек, бізге де береді. Аллаһу та’ала құлдарына жасалған жақсылықты жақсы көреді. Пайғамбарымыз хадис шәрифте: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді және қиыншылықта қалдырмайды. Дін бауырына көмектескен адамға, Аллаһу та’ала көмектеседі. Аллаһу та’ала дін бауырының қиыншылығын кетірген адамның қияметтегі қиыншылығын кетіреді. Мұсылманды қуантқан адамды, қияметте қуантады» деген.

«Пайрыздардан кейін ең үлкен сауап дін бауырына көмектескен адамға беріледі» деген хадис шәриф те жақсылық жасаудың ізгілігін көрсетуде. Ал адамдарға жасалатын жақсылықтардың ең үстемі адамдарды тозақтан құтқаруға тырысу.

 Адамдарға мал-мүлік беру, қаржылай көмек беру жақсылық болғанындай, дінін үйрету немесе үйренуіне себеп болу да ең үлкен жақсылық. Мәселен әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан бір кітап беру ең құнды сыйлыққа жатады. Бұл жақсылық парыздардан кейін Аллаһу та’аланың ең көп сауап беретін амалы.

Хазреті Әбу Бәкір Сыддық мұсылмандықты қабылдай салып пайғамбарымызға: «Йа Расулаллаһ, мені жақсы көретін, айтқанымды тыңдайтын алты досым бар, дереу оларды шақырайын, олар да иманға қауышсын» деген екен. Міне шынайы жомарттықтың мысалы. Яғни өзі үшін ұнатқан нәрсені, өзі қауышқан ізгілікке басқалардың да қауышуын қалау – шынайы жомарттық.

Қорыта айтқанда жақсылық жасау, жомарт болу, адамдарға қызмет ету Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін мінез-құлықтардың бірі. Бұл әр адамда бола бермейтін қасиет. Егер бұл мінез мұсылман емес адамның бойында бар болса, оның иманға қауышуына және иманмен жан тапсыру ықтималдығы жоғары болады.