Untitled Document

Сұхбат... Иман ету

Аллаһу та’аланың бар екеніне, бір екеніне және Мұхаммед алейһиссаламның Оның пайғамбары екеніне және пайғамбарлардың ең үстемі және оның әр сөзінің дұрыс, пайдалы екеніне сенуге «иман ету» немесе «мұсылман болу» делінеді. Осылай сенгендер «мүмин» және «мұсылман» деп аталады.

Мұхаммед алейһиссаламның сөздері «хадис шәриф» деп аталады. Құран кәрімде және хадис шәрифтерде нақты білдірілген үкімдердің біріне сенбегендерге имансыз делінеді. Түп-негіздері Хақ та’аланың сөзі болып, кейіннен өзгертіліп, тарихи кітап жағдайына енген Таурат, Забур және Інжілді Аллаһ сөзі деп ойлайтын адамдарға «Әһли кітап», яғни «кітапты кәпір» делінеді. Яһудилер мен христиандардың көбісі әһли кітапқа жатады. Тәңірлік сипаты бар деп санайтын бір адамның мүсініне, мазарына сәжде етіп, оның барлық нәрсені істей алатынына сенетіндерге «мүшрік» немесе «пұтқа табынушы» делінеді. Брахман, Буддист және отқа табынушылар осыған жатады. Яһудилердің және христиандардың бір бөлігі үлкен Константиннен кейін мүшрік болды. Ешбір дінге сенбейтіндерге «атеист» және «Дахри» делінеді. Коммунисттер, масондар және бұлардың тұзағына түскен дін надандары осыған жатады.

Дін ілімдерін жаратылыстану ілімдері бойынша өзгерткен кәпірлер – «дін реформистері» деп аталады. Бұлар нақылға емес, өз ақылдарына сенеді. Дін ғылымдарын жаратылыстану ғылымдарымен дәлелдеген мүминдерге «Хукама» немесе «Хаким» делінеді.

Құран кәрімде және хадис шәрифтерде нақты білдірілмеген күмәнді мәліметтерге ислам ғұламалары түрлі мағыналар берді. Осылайша, сенілетін нәрселерге бір-бірінен өзгеше сенетін 73 топ пайда болды. Бұлардан имандары дұрыс болған бір топ “Әһли Сүннет” немесе “Сүнни” деп аталады. Қате мағына беретіндерге «бидғатшы» және адасқан топ делінеді. Жаратылыстану ғылымдарына қате мағына беріп мұсылманның иманын бұзатындарға «зындық» делінеді.