Untitled Document

Денсаулық... Анар қабығы

Анар қабығының құрамындағы эллаг қышқылы антиоксидант, антимутаген және қатерлі ісікке қарсы ерекшеліктерге ие. Зерттеулер омырау, өңеш, тері, ішек, простат және ұйқы безі қатерлі ісіктеріне қарсы әсері бар екендігін көрсеткен. Эллаг қышқылы қатерлі ісікке себеп болатын молекулаларға байланып оларды маңызды өлшемде залалсыздандырады.

Көлеңкеде немесе 40-50 градустан аспайтын жерде кептіріп, ұсақталған анар қабықтарын салқын жерде сақтау қажет. Кейін 100 грамм қайнаған суға 2 гр анар қабығын салып, шамамен 10 мин қайнатып күнде шай ретінде тұтыну қажет. Осылай қатерлі ісіктен бастап, жүрек және қант диабеті аурулары секілді біршама аурулардан қорғанған боласыз. Жалпылама барлық жемістерде болатынындай анардың да ең құнды жері - қабығы. Сондықтан анар қабығын тастамай пайдалы тұрғыдан тұтынған жөн.     

Күлімдейік...Күлегеш кірпі

 

Бір кірпі ормандағы алаңқайды айнала жүгіріп, қарқылдап күліп жүр. Мұны байқаған елік:
- Әй, кірпі, неменеге жетісіп жүрсің? Жүгіргенге де күле ме екен?
- Сен де жүгіріп көр. Армансыз күлетін боласың.
Елік алаңқайда он айналса да күлмейді. Әбден титықтаған ол ақыры кірпіден әлгі күлкінің сырын сұрайды. Сонда кірпі:
- Жүгіргенде қарныңды шөп қытықтамай ма, не? - деген екен.