Untitled Document

Бала тәрбиесі... Теледидар және балалар (2)

Байқаған болсаңыздар көгілдір экранға жарнама шыққан кезде балалар тып-тыныш отыра қалып көреді. Өйткені ми есірткі алғандай болып, автопилот режиміне өтеді. Аналар осыны пайдаланып жарнамасы бар каналдарды таңдап, қойып жатады. Бірақ осы арқылы баланың миын қажетсіз көріністермен толтырып жатқандығы және оның зейінінің жетілуіне болымсыз тұрғыда әсер етіп жатқандығынан хабары болмайды.

Кейбір ата-аналар баланы тыныштандыру үшін теледидардың алдына отырғызады. Әлі сөйлеу білмейтін, көп уақытын теледидар басында өткізуге дағдыланған баланың ми функцияларында ақау болмасына кім кепіл? Баламен көп уақыт өткізудің орнына, олардың мазасыздығынан құтылу секілді әртүрлі сылтаулармен жасалып жатқан мұндай қателіктің зардабын балаларға тарттыру дұрыс емес.

Теледидарда әртүрлі жас талғамдарына сай көрсетілімдер жетіп артылатыны баршаға мәлім. Сол себепті бір сәтте басқа басқа каналдарды көргісі келетін отбасы мүшелері арасында талас-тартыс болары да сөзсіз. Мұндай келеңсіздікті отбасылар әр бөлмеге бір теледидар қою арқылы шешуде. Бір-бірінен бөлек бөлмелерде күн кешетін отбасыларда өскен бала махаббат пен қарым-қатынастан махрұм түрде өмір сүруі мүмкін. Ата-аналар арасында кейде шаршағандарын желеу етіп бүкіл кешті теледидар көріп өткізетіндері бар. Осындай сәтте бөлмесінде сабақ оқып жатқан баланың басқа отбасы мүшелері теледидар алдында отырғанда дәрістеріне толығымен зейін аударуы қиын болады. Мұндай жағдайда өсіп жатқан баланың сабағының бәсеңдегеніне өзіміз кінәлі екенімізді көбіміз аңғара бермейміз. Мұндай тақырыпта баламызға жақсы үлгі болу, қажет кезде теледидарды сөндіріп, онымен уақыт өткізу, сабағын бірге қадағалау орынды болады.