Untitled Document

Сұхбат... Тәубе ету

Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету керек! Тәубе – күнә істегеннен кейін өкіну, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала тәубе еткендерді жақсы көреді және тәубелерін қабыл етеді. Тіпті соңғы демде жаннат пен жаһаннамды көргеннен кейін барып тәубе ете алса да қабыл етіледі. 

Соңғы демде тәубенің қабыл болуы, тек осы үмметке ғана яғни Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне ғана тән. Бірақ соңғы демде иман қабыл болмайды. Кейбір адамдар иман мен тәубені шатастыруда, иман қабыл болмайды деудің орнына, тәубе қабыл болмайды деген. Соңғы демде кәпірдің иманы қабыл болмаса да, күнаһар мүминнің тәубесі қабыл болады.

Бүгін...

Нәсіл бөлушілікпен күрес күні.

Бүгін – Нәсіл бөлушілікпен күрес күні. Демократияның ең дамыған өлкелерінің өзінде нәсіл бөлушіліктің алды алына алмауда. Дүние жүзінің ең мәдени өлкесі саналатын АҚШ-та да бұрынғыдай болмағанымен, әлі де нәсіл бөлушілік орын алуда. Ал Аллаһтың дінінде ақ, қара, құл, қожайын деген сияқты бөлушілік жоқ.