Untitled Document

Тарихи тұлға... Әлихан Бөкейхан (2)

1914 жылы маусымда мемлекеттік думадағы мұсылман Фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған бүкіл Ресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б ел азаматтарына қажетті түрлі көмек көрсету ісіне басшылық жасады.

Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен ұйымдастыру бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе - кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алаш орда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды.

Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактары мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерінің роталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады.

Кеңес өкіметі 1919-1920 жылдарындағы Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешіріммен кейінгі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Бұдан кейінгі жылдарда қажырлы еңбектеріне шектеулер, тосқауылдар толастамай, абақтыға алыну, ОГПУ орындары тарапынан қатаң бақылауға алыну жағдайлары сирей түсті. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізгі үкімі бойынша ату жазасына кесілді.