Сұхбат... Адам – әлсіз жаратылыс
Адамның өз шегін білуі үшін өзінің әлсіз, ал өмірдің қиял екенін білуі жеткілікті. Адам өздігінен дүниеге келе алмағанындай, өздігінен де кете алмайды. Аллаһу та'ала күш-қуат бермесе, ести алмайды, сөйлей алмайды, ішіп-жей алмайды, яғни ештеңе істей алмайды. Адамның ішкі мүшелері тұрғысынан да, сыртқы шарттар тұрғысынан да қолында ешқандай қуаты жоқ. Жүрегіне, асқазанына, өкпе-бауырына мұқтаж, бірақ ешбірін өзі басқара алмайды. Тағы осы сияқты күнге, ауаға, суға, топыраққа мұқтаж, бірақ топырақтағы минералдарды жасаған, бұлттарды жаратқан, олардан жаңбыр жаудыратын жалғыз құдірет - Аллаһу та'ала. Осы тұрғыдан адам тек өзін таныған, яғни әлсіз екенін түсінген кезде ғана Аллаһты тани алады. Ештеңені өзі істей алмайтынын, тек ұлы Аллаһ берген құдіретпен іс атқара алатынын түсінген кезде ғана құтылады. Су тасқынында, цунамиде немесе зілзалада мыңдаған адам өледі, жердің астында қалады. Аллаһтың құдіретінің алдында технология әлсіз болуда, барлық нәрсе шарасыз қалуда.
Өмір – қиял, өткінші. Өмір су сияқты ағып өтіп жатыр. Өткен күндердің кері қайтуы мүмкін емес. Шынайы және мәңгі өмір өлгеннен кейін басталады. Бұл дүние – ахиреттің егістігі, әркім не ексе, соның жемісін көреді. Біреуге жақсылық жасаған адам да, жамандық жасаған адам да, негізінде, өзіне жасаған болады. Тек бір нәрсе ғана өткінші емес. Ол – мазлұмның (зұлымдық көрген адамның) залымнан алатын ақысы. Сондықтан ахиретте ең табысты шығатын адам – мазлұм. Екі өмірде де алашақты болған жақсы. Ал қарыздар болу өте қауіпті.
Пенденің қорқынышы мен құрметі білімі шамасында. Білімі ақылы шамасында. Ақылы әдебі шамасында. Тақуалығы ахиретке бейімділігі шамасында. Тақуалықтың негізі – барлық нәрседе Аллаһу та'аладан разы болу.