Әдеп-ахлақ... Сөйлеу әдебі
Адамдармен сөйлесуде мән беру керек болған қағидалар:
● Ойланбай сөйлеме!
● Тақырыпты жақсы біл!
● Сабырлы бол!
● Әділ бол!
● Мақтанба!
● Асырып айтпа!
● Ашуыңа ие бол!
● Сұрақтарға жауап бер!
● Орынсыз қалжыңдама!
● Басқаларды жамандама!
● Қандай болсаң солай көрін!
● Бет-әлпетіңе, көрінісіңе ие бол!
● Жаман сөздерді қолданба!
● Адамдардың бетін қайтарма!
● Керексіз сынға алудан ұзақ бол!
● Дертіңді айтып жылай берме!
● Сөйлесіп жатқан адамды тыңдай біл!
● Телефонда алдымен өзіңді таныстыр!
● Екі мағыналы сөздерден ұзақ бол!
● Айтқан насихаттарыңды өзің де орында!
● Жаман хабарларды жеңіл сөзбен жеткізуге тырыс!
● Қай кезде сөзді доғару керектігін біл!
● Әркімнің ісіне мұрныңды сұға берме!
● Біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөлме!
● Телефонда сөйлескенде бірнәрсе жеп тұрма!
● Жазған нәрсеңді ең болмағанда бір рет оқы!
● Сенен ақыл сұрамайынша кеңес берме!
● Тыңдаушылар түсінетін сөздерді таңда!
● Қарсыңдағы адамның реакциясына мән бер!
● Айтқандарың дұрыс болмай шығуын да есепке ал!
● Арада сөзге араласып тыңдап отырғаныңды білдір!
● Саған сөйлеп жатқанда басқа іспен айналыспа!
● Біреу сөйлеп жатқанда басқалармен сыбырласып отырма!
● Өз пікіріңді қинап қабылдатпа!