Untitled Document

Бала тәрбиесі... Жанұя ішіндегі сүйіспеншілік (1)

Расулуллаһ алейһиссалам бүкіл адамзатқа және жан-жануарларға мейірімді болғанындай балаларға да қатты мейірімді болатын. Үлкен-кіші барлық балаларымызға махаббат пен мейірім төгуіміз, сүйіп, иіскеуіміз сүннет болып табылады. Пайғамбарымыз үйіне келген кішкентай балаларды сүйіп, бастарын сипап үйінде ойнауларына рұқсат беретін. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Балаларыңды көп сүйіңдер, әр сүйген кездеріңде жаннаттағы дәрежелерің көтеріледі.» (Бұхари) 

«Баланы жақсы көру жаһаннам отына қарсы перде. Балаларға жақсылық жасау, сырат көпірін оңай өтуге себеп. Олармен бірге ішіп-жеу жаһаннамнан құтқарады.» (Ширатул-Ислам)

«Жаннаттағы қуаныш сарайына тек балаларды қуантқандар кіреді.» (Ибн Ади) 

Бір кісі (Хабис ибн Арка) пайғамбарымыздың немересі хазреті Хасанды сүйіп жатқанын көріп: «Менің он балам бар, ешбірін сүймедім» дегенінде Расулуллаһ алейһиссалам: «Мейірімділік көрсетпеген адам, мейірімге қауышпайды» дейді. 

Отбасында мейірім мен махаббат көріп өскен бала келешегі жарқын, табысты болуға бейім болады. Алайда мұны еркелікпен шатастырмау керек. Баланы тым еркелетіп, бетімен жіберу де дұрыс емес. Осының орта шамасын табуда көпшілік ата-аналар дәрменсіз қалуда. Тәрбиеде сүйіспеншілік, махаббат маңызды болғанындай, кей жерде салмақтылық қажет болуы мүмкін. «Мына қылығыңды қайталайтын болсаң далаға шықпайсың, мына нәрсені әпермейміз» деген сияқты түрде жазаға тарту дұрыс болса да, жаза ретінде ешқашан ұрмаған абзал.