Untitled Document

Денсаулық... Аскөк

Аскөк (укроп) – әртүрлі тағамдарда дәмдеуіш ретінде қосылатын шөптердің бірі. Құрамы магний, ферум, кальций, марганец секілді минералдар мен А және С витаминдеріне қанық келеді. Біршама ауруларға қарсы әсері бар аскөк иммунитетті нығайтуға көмекші болып табылады. Ауыз иісін кетіру, іштің желденуінің алдын алу тұрғысынан және талшық мөлшерінің көптігі арқылы да ас қорыту жүйесіне пайдалы болып табылады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде аскөк тұтыну триглицерид деңгейін 50%, холестерин деңгейін 20% азайтатындығы анықталған.  

Күлімдейік... Базар

Бір кісі базарда сауда жасап тұр:

- Мынау не?
- Алма.
- Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
- Мынау не?
- Жаңғақ.
- Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
- Ал мынау не?
- Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.